Тоқаев дәрі-дәрмектің бар-жоғын нақтылауды талап етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің бар-жоғын нақтылауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің бар-жоғын нақтылауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев видео-конференция режимінде үкімет мүшелерімен, бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен, қала мен облыс әкімдерімен жиналыс өткізіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

"Ол медициналық мекемелерге, дәріханаларға не сатып алынғанын, бірыңғай дистрибьютордың қоймасындағы жалпы қор қаншаға жететінін нақтылауды талап етті. Үкімет пен әкімдердің қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды емдеу нормалары мен хаттамаларына сәйкес сатып алуды қамтамасыз етуі керек", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Тоқаев бұған дейін коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларын жасыру деректері барын мәлімдеген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама