Тоқаев Дариға Тілендиеваның отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Фото: instagram.com/kurmangazy_orkestri

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, "Отырар сазы" ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өткені хабарланды.

Реклама
Реклама

Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама