Тоқаев дарынды балаларға арналған Ресеймен бірлескен жобаны қолдады

Тоқаев дарынды балаларға арналған Ресеймен бірлескен жобаны қолдады Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық ерекше назар аударуға лайық, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық ерекше назар аударуға лайық, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана Астанада Қазақстандағы Ресей күндері өткенін еске салды.

"Жуырда Астанада қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен қабылдаған Қазақстандағы Ресей күндері өтті. Маңызды уақиғалар қатарында былтыр елордада "Қазақстан мен Ресей мәңгі достығы аллеясы" және Мәскеуде Қазақстан мен Ресей достығы скверінің ашылуын айтуға болады. Астанада өтетін үшінші "Болашақ ойындары" гуманитарлық байланыстардың, ең алдымен, елдеріміздің жастары арасындағы ынтымақтастықтың беки түсуіне ықпал етеді. Қазақстандағы "Сириус" жобасын ерекше атап өткім келеді. Мұны қолдаймын, болашақ мамандарды даярлау үшін пайдасы зор деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Жарнама
Жарнама

"Сириус"

2026 жылғы қаңтарда Алматыда "Сириус" білім беру орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған І Таланттар саммиті өтті. Шара аясында болашақ "Сириус" мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

"Сириус" мектебінде Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде математика, физика, химия және биология бойынша интеграцияланған бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бойынша пәнаралық бағыттар қарастырылады деп күтіледі.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында "Сириус" университетінің екі жылдық "Ғылыми-технологиялық білім беру көшбасшылары" магистрлік бағдарламасын іске қосатыны хабарланған болатын.

Бағдарлама жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша, соның ішінде педагогикада жасанды интеллектіні қолдана отырып, дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған.

Тағы оқыңыз: "Ешқандай шешілмеген мәселе жоқ": Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама