ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2022 | 13:28
Тоқаев "делдалдар мен қажетсіз агенттердің" комиссиялары туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев делдалдарды тарату мәселесін шешуді тапсырды. Оның айтуынша, азаматтар өзіне жұмсайтын ақша осы компанияларға кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев делдалдарды тарату мәселесін шешуді тапсырды. Оның айтуынша, азаматтар өзіне жұмсайтын ақша осы компанияларға кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сөз комиссиялар мен тарифтер, түрлі делдалдар, монополиялық операторлар, қажетсіз агенттер туралы болып отыр. Бұл мәселені білесіздер. Сұрақ: Олардың қызметіне кім төлейді? Әрине, тұтынушы төлейді. Мұның себебі - қабылданған заңдар мен қаулылар. Яғни, мемлекеттік органдар көбінесе қоғам мүддесін емес, белгілі бір компаниялардың мүддесіне байланысты нормативтік-құқықтық актілер жасайды", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, қазақстандықтар өзіне жұмсауы тиіс қаражат осы компаниялардың қалтасына түседі.
"Үкіметке осы мәселеге аса назар аударып, "Атамекен" ҰКП-мен бірге осындай жағдайларды анықтап, нақты шешімдер қабылдау тапсырылады", - деп тапсырды Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также