21 қаңтар 2022 16:33

Тоқаев делдалдардың жасанды тізбегін жоюды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адал бәсекелестікті дамыту жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адал бәсекелестікті дамыту жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, қолдан жасалған монополияларға талдау жасау қажет. Ол операторлардың, әсіресе жеке операторлардың қызметі мүлдем тоқтатылатынын айтты.

"Естеріңізде болса, бұрын "өтеп алушы" деген термин болатын. Жеке компаниялар тиісті төлем арқылы мемлекеттің бірқатар экономикалық функцияларын орындауды сатып алатын. Бұл жақсылыққа апармады. Үкіметке мұндай қызметке заңды түрде тыйым салуды тапсырамын. Барлық орындар бәсекеге ашық болуы тиіс.

Нарықтарда қолдан жасалған көптеген делдалдық тізбектерді жою қажет. Бұл қордаланып қалған мәселені ешкімнің шешуге құлқы жоқ. Экономиканы деолигополизация бойынша қатаң саясат қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram