ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2022 | 16:01
Тоқаев: Депутаттардың азаматтар арасында тиісті беделі жоқ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде мәслихат депутаттарына Қазақстан халқының мүддесі жолында жұмыс істеу керектігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту қажеттігін айтты.
"Мәслихат депутатының төсбелгісі - бұл өңірлік элитаға қатыстылықтың жалған белгісі немесе жоғары кабинеттерге рұқсаттама емес. Бұл оның халық сайлағанының және халық мүддесі жолында жұмыс істеуі керек екендігінің дәлелі. Депутаттар осы түбегейлі айырмашылықты нақты түсінуі керек. Әзірге біздің депутаттар азаматтар арасында лайықты беделге ие емес", - деді ел Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қазақстандықтардың арасында депутаттардың тиісті беделінің жоқтығы анық байқалғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также