16 қараша 2021 | 16:20

Тоқаев: Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде гендерлік және жастар квоталары жұмыс істейді

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың сайлау тізімінде квота болатын санаттар тізбесін кеңейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың сайлау тізімінде квота болатын санаттар тізбесін кеңейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Партиялардың сайлау тізіміне әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота енгізілуі жұмысқа деген ұстанымды қайта қарауға түрткі болды. Егер бұрын партиялық тізімдегі азаматтардың бұл санатының үлесі 20 пайыздан аспайтын болса, квота берілгеннен кейін 34 пайызға жетті. Әйелдер мен жастардың өз әлеуетін іске асыруға қосымша мүмкіндіктері бар. Бірақ біз ары қарай жылжый береміз", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚКК) отырысында.

Оның айтуынша, енді партияның депутаттық мандатын бөлуде гендерлік және жастар квотасы да жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

"Инклюзив қоғам құру үшін, партиялардың сайлау тізімінде квота болатын санаттарды кеңейтіп, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қосуды ұсындым", - деді Тоқаев.

Бұған дейін тиісті түзетулер ашық құқықтық нормалар порталында жарияланған болатын. Қоғамдық талқылау 3 қарашаға дейін жалғасты. Ұсыныстарды мына жерден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram