02 шілде 2021 10:41

Тоқаев дипломаттарды құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық ведомстволар қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық ведомстволар қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз - ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру.

Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!", - деп жазды Президент Twitter-де.
 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жолын КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастап, Сингапур Республикасындағы кеңес елшілігіне жұмысқа жіберілген болатын. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына оралды. 1984-1985 жылдары КСРО СІМ-де жұмыс істеді, содан кейін Қытай Халық Республикасындағы кеңестік елшілікке барды, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды.

1992 жылы Тоқаев Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы сыртқы істер министрі қызметіне қайта оралды. Ол дәл осындай міндеттерді 2003 жылдан 2007 жылға дейін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram