10 желтоқсан 2021 | 15:44

Тоқаев ЕАЭО аумағында микрочип өндірісін құруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне машина жасау саласына арналған бірлескен микрочип өндірісін құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне машина жасау саласына арналған бірлескен микрочип өндірісін құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Цифрлық өнімдер мен электрон қызметтерге теңдессіз сұраныс үшінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте, оның айтуынша, эксклюзив және инновациялық-технологиялық шешімдер үшін ғана емес, сондай-ақ қарапайым цифрлық шығыс материалдары үшін де күрес жүріп жатыр.

"Бүгінде машина жасаудың әлемдік нарығында микрочиптер мен компьютерлік элементтердің болмауына байланысты жүйелі іркілістер байқалады. Біздің елдеріміздің машина жасау салалары да ерекшелік емес.

Үкіметтерімізге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер өндіру жөніндегі бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру мәселесін пысықтауды тапсыру ұсынылады", - деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Реклама
Реклама

Президент кәсіпорындардың сұранысын толық қанағаттандыратын өндіріс базасын құру және болашақта құрып, экспорттау талап етілетінін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная