Тоқаев екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беру рәсімінде. Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды", - деді Президент.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Қазақстан Президенті болған. Сол кезде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Тоқаевтың кандидатурасы үшін сай­лау­шылардың 6 миллион 539 мың 715 дауысы берілгенін хабарлаған. Бұл - дауыс берген сай­лау­шылардың 70,96 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама