ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2022 | 11:40
Тоқаев ел дамуына атсалысқысы келмейтін бай кәсіпкерлер туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір кәсіпкерлердің Қазақстанның дамуына атсалысқысы келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір кәсіпкерлердің Қазақстанның дамуына атсалысқысы келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда тұрғындармен кездесуде Тоқаев Қазақстан ынтымақтастық пен өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген мемлекет құрып жатқанын атап өтті.
"Мен біздің ауқатты кәсіпкерлерді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге үнемі шақырамын. Жауап ретінде түсініксіз сылтаулар естіп, ешқандай ынтасының жоқтығын көруге тура келеді. Бұл олардың ел тағдыры үшін алаңдамайтынын, әлеуметтік жауапкершілікке шақыру олар үшін бос сөз екенін білдірсе керек. Мұндай ұстаным сұрақтар туғызады. Біз қорытынды шығарамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ретте Президент басқа елдердегі ауқатты адамдардың тек ішкі мәселелерді шешуге атсалысатынын, сонымен қатар өздерінің іскерлік байланыстарын пайдалана отырып, ұлттық мүддені шетелде ілгерілетуге көмектесетінін атап өтті.
"Елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. Айналада болып жатқан барлық жағдайға "Менің үйім шетте" деген қағидамен қарауға болмайды", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также