Тоқаев елімізде жүйелі мәселе көп екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев елімізде жүйелі мәселе көп екенін айтты Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта өткен жиында Қазақстанда әлеуметтік салада, экономикада және саясатта көптеген жүйелі мәселе жинақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта өткен жиында Қазақстанда әлеуметтік салада, экономикада және саясатта көптеген жүйелі мәселе жинақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Турасын айтайын: елімізде әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген жүйелі мәселелер қордаланып қалған, азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімсіздігі артты. Бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуына кедергі келтіреді, жасампаздық мүмкіндіктерін шектейді. Ендігі жерде біздің мемлекеттік саясатта әділеттілік идеясы ең маңызды орынға ие болады", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, "қабылдаған әрбір шешімнің, әрбір әрекетіміздің негізінде әділдік идеясы болады".

Жарнама
Жарнама

"Біз басты байлығымыз және бәсекелестік артықшылығымыз – адамдар екеніне сүйенеміз. Сондықтан "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" формуласын берік ұстанамыз. Әділ Қазақстанды құру үшін, біз өзара байланысты үш қағидатқа негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама