ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2019 | 14:53
Тоқаев елорда атауының өзгеруі туралы сұраққа жауап берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Немцова. Интервью" бағдарламасы аясында Deutsche Welle басылымына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Немцова. Интервью" бағдарламасы аясында Deutsche Welle басылымына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әңгіме барысында журналист Жанна Немцова Президенттен Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жайлы сұрады.
"Нұрсұлтан Назарбаев дегенде біз - Қазақстан Республикасын құрушы адамды айтамыз. Зор құрметке лайық адам туралы, Ұлт көшбасшысы. Мен - заңды сайланған Президентпін, Мемлекет басшысы, Жоғарғы әскери қолбасшы. Арамызда ешқандай қайшылық жоқ. Бір-бірімізбен кеңесетінімізді жасырмаймын, кейде кеңес алып тұрамын. Бұл жерде қос билік деген ұғым жоқ", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елорданың атауы өзгеруі туралы сұраққа жауап берді.
"Ол - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы. Біз оның еңбегі мен қызметіне лайықты жауап беруіміз керек. Мұнда артық кеткен ештеңе жоқ. Оның өзі осы және басқа да кейбір нысандардың атауын өзгертуге қарсы болған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз елордаға оның өкілеттігін тоқтатқан кезде жаңа атау бердік. Мен жаңа Президент ретінде елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс тастадым. Біз осы қалаға бірінші рет келгенде, ол қарапайым кеңестік кезеңдегі елді мекендердің бірі болатын. Иә, бұл қала еді, бірақ тым шағын болатын. Елорданы Целиноградқа ауыстыру батыл шешім болды. Негізінде бұл геосаяси шешім болатын. Қазақстанның дәл ортасындағы елорданың қазіргі жағдайы үлкен мағына бар", - деді ол.
Сондай-ақ, Президент латын әліппесіне көшу, митингілер, Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы жайлы және жоспарланған Германияға сапары жайлы айтты.
Жанна Немцова - өлтірілген ресейлік саясаткер Борис Немцовтың қызы. 2015 жылдан бері Германияда Deutsche Welle телерадиокомпаниясының орыс редакциясының репортері әрі "Немцова. Интервью" мен "DW Новости" бағдарламаларының жүргізушісі.
Показать комментарии
Читайте также