01 шілде 2020 | 15:21

Тоқаев елшілермен кездесті

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бразилия, Оман және Оңтүстік Кореяның елшілері сенім грамоталарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бразилия, Оман және Оңтүстік Кореяның елшілері сенім грамоталарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. 

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысына Бразилия Федеративтік Республикасының елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза, Оман Сұлтанатының елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих Әл-Бахрани, Корея Республикасының елшісі Ку Хонг-сок сенім грамоталарын тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық жұмыстарының басталуымен құттықтап, оларға табыс тіледі. 

"Сіздердің елдеріңізбен арадағы қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің мемлекеттеріңіздің басшыларына сәлем жолдаймын. Елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықтың одан әрі дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздер бүкіл әлем пандемиядан зардап шегіп жатқан қиын-қыстау уақытта біздің елімізге келдіңіздер. Қазақстан бұл қауіпті дертті жеңу үшін дер кезінде шешім қабылдап жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ біз халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйейміз, БҰҰ-ның іс-әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен қатар әлемдегі барлық ел күш біріктіре отырып, аталған дертті жеңеді деп үміттенеміз", – деді Президент.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная