Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады

viewings icon 197
comments icon 0
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қазақ-тәжік арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Реклама
Реклама

Эмомали Рахмон Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Тараптар жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты сақтауды және халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная