Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Эндаумент-қор – бұл бірден жұмсалмайтын, арнайы сақталатын ақша немесе басқа мүлік. Ол қаражат инвестицияланады, яғни табыс табу үшін жұмыс істейді. Ал осы түскен табыс есебінен маңызды әрі ұзақ мерзімді жобалар қаржыландырылады. Бұл ретте қордың негізгі капиталына тиіспейді – ол "мәңгілік" жұмыс істеп тұрады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама