Астанада Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Тәуелсіздік сарайында өткен рәсімді тікелей эфирде көрсетті. Содан кейін мемлекет басшылары келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, 13 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кейін Астана әуежайында Түркия президентін қарсы алу рәсімінің кадрлары пайда болды.
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға жұбайымен келді. Түркия президентін әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Шетелдік қонақты қарсы алған қазақстандық делегация құрамында Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр және сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев болды.
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.
15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!