11 қараша 2022 | 12:49

Тоқаев Ердоғанды Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапаттауды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға түркі әлемінің ең жоғарғы орденін табыстауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға түркі әлемінің ең жоғарғы орденін табыстауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев ұйымға қатысушы елдердің бірлігі "күн сайын нығайып келе жатқанын" атап өтті.

"Біздің бірлігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Соның арқасында Түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артты. Түркия Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым - Режеп мырзаға алғыс айтамын.

Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін, - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная