03 мамыр 2022 | 18:57

Тоқаев Ердоғанмен Анкарада кездеседі

Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.

Реклама
Реклама

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная