20 мамыр 2021 | 09:37

Тоқаев Ердоғанның дәрігеріне қазақстандық сәбиді құтқарғаны үшін алғыс айтты

Фото: aa.com

Қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты және дәрігер Режеп Шекер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын алды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеаранасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты және дәрігер Режеп Шекер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын алды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеаранасы.

Алғыс хатты Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы табыс етті. Дипломат саясаткерге алғысын білдірді, ал ол өз кезегінде Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға уәде берді.

Наурызда ұшақ бортында кішкентай қазақстандық сәбидің жағдайы нашарлаған. Бішкектен Ыстамбұлға ұшу кезінде баланың жүрегі тоқтап қалған. Сол кезде ұшақ бортында Түркия президентінің жеке дәрігері де болған.

Реклама
Реклама

Ол балаға жасанды тыныс беріп, жүрек массажын жасаған. Содан кейін нәрестенің жағдайы тұрақталады. Әуе кемесі Анкараға шұғыл қонып, онда бала ауруханаға жатқызылған.

Түркия парламентінің депутаты, дәрігер Режеп Шекер баланың отбасымен байланыста екенін айтты.

"Бірнеше күн бұрын олардан видео келді. Ол өсіп, жағдайы жақсарған. Бұл өте қуанышты жаңалық. Бұл жағдай елдер арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынастарды көрсетеді. Маған көңіл бөлгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтамын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная