ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2020 | 17:25
Тоқаев Есеп комитетінің төрайымына бірқатар тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.
Қазақстан Президентіне жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды.
Кездесу соңында Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также