ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2021 | 13:19
Тоқаев: Этникалық менмендіктің жолын кесу керек
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық менмендіктің кез келген көрінісін қатаң түрде басуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық менмендіктің кез келген көрінісін қатаң түрде басуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әлеуметтік, қылмыстық, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу - жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі кезде айтылып жүргендей, этникалық негіздегі жанжалдарға төзбеу ішкі істер органдары мен прокуратура үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Барлығы этникалық менмендіктің көріністері, олар кімнен шыққанына қарамастан, қандай да бір белгілер бойынша кемсіту, осы негізде қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері және тұтастай алғанда ішкі тұрақтылық заңға сәйкес қатаң түрде басылуы тиіс", - деді Тоқаев.
Президент барлық деңгейдегі әкімдіктерге азаматтардың құқықтары этникалық немесе лингвистикалық негізде бұзылған әрбір жағдай бойынша профилактикалық және ақпараттық жұмыстар жүргізуді тапсырды.
"Мемлекеттік және заңды институттардың мүмкіндіктерін, атап айтқанда медиацияны белсенді қолдану қажет. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіби келіссөз жүргізушілердің форматы біздің жағдайда этномедиация үшін ең тиімді болып табылады. Менің ойымша, ассамблея осы саладағы негізгі органға айналуы керек", - деп қосты Президент.
Тоқаев "бірлікке нұқсан келтіру мақсатын көздейтін адал емес адамдардың, түрлі авантюристердің, жауапсыз және қабілетсіз саясаткерлер мен сарапшылардың" жолына түспеуге шақырды.
"Ит үреді, керуен көшеді",- деген ескі мақал бар. "Монолитті, біртұтас қоғам ретінде біз өзімізге сенімдіміз, себебі біздің мақсатымыз дұрыс. Бұл біздің әрекетсіздігімізді білдірмейді. Біз қоғам мен мемлекетке қарсы түрлі арандатушылықтарға жол бермей күресуіміз керек", - деп қорытындылады Мемлекет басшысы
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также