Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.

Жарнама
Жарнама

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді.

Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама