30 наурыз 2023 | 11:33

Тоқаев фракция жетекшілерімен премьер-министрлікке кандидатураны талқылады

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная