20 маусым 2023 10:30

Тоқаев Германия президентін Ақордада күтіп алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентін Ақордада қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентін Ақордада қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы шетелдік әріптесін Ақорданың үлкен залында қарсы алды. Президенттер бір-бірімен амандасты. Германия делегациясы Қазақстан Министрлер Кабинетінің өкілдерімен де танысты. Екі елдің әнұраны шырқалды, одан кейін президенттер шағын құрамдағы кездесуге аттанды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бір күн бұрын оны Астана әуежайында Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Осыған дейін мемлекет басшыларының сапары барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көліктік-логистикалық және энергетикалық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса назар аудара отырып, Қазақ-Герман стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен перспективалары туралы келіссөздер жүргізілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram