Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.

Реклама
Реклама

Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама