13 сәуір 2022 | 13:06

Тоқаев "Хабар" агенттігінің жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Хабар" агенттігі" АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алда іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контент жасау жөнінде айтты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгіме аяғында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная