01 маусым 2022 | 08:26

Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар!

Халықаралық балаларды қорғау күні - ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.
Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.

Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау - мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Реклама
Реклама

Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған.

"Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.

Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы "Дүниежүзілік балалар күнін" барлық елде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы 20 қарашада Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная