Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілеме жасап.

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

Реклама
Реклама

"Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!" – деп жазды Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама