14 ақпан 2022 | 16:35

Тоқаев халықаралық шарттар туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық шарттар туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық шарттар туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ақпанның басында Сенат отырысы барысында бұл заңды депутаттар қарап, қабылдады. Бұл заңды қабылдау арқылы халықаралық шарттарға қатысты заңнаманың олқылықтары мен қайшылықтарын жоюға мүмкіндік беретіні айтылған еді. Онда "келісімшартқа алдын ала қол қою", "халықаралық шарт жасасу", "қол қою" және "өкілеттіктер" ұғымдары анықталып, нақтыланды.

Реклама
Реклама

"Қабылданған заң халықаралық шарт жасасу процесінің жеке тұстарына қатысты мәселені нақтылайды. Сондай-ақ, халықаралық шарт жасасу шеңберінде мемлекетішілік рәсімдерді жетілдіру көзделеді", - деді отырыста Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная