04 қазан 2024 | 16:14

Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентін қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Судьяларының IX съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) президенті Луис Пальмамен кездесті.

Жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Президент елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Луис Пальма сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Сот әкімшілігінің IACA-мен өзара ықпалдастығы аталған саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесін басқару сегментіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалап, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басқа мүшелері біздің еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная