23 маусым 2022 | 15:49

Тоқаев "халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіретін саяси кесел" туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның билік пен қоғам арасындағы дәнекер болуы өте маңызды міндет екеніне тоқталып, азаматтармен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажеттігін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның билік пен қоғам арасындағы дәнекер болуы өте маңызды міндет екеніне тоқталып, азаматтармен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажеттігін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Полиция өз жұмысын барынша ашық жүргізіп, халыққа жақын болуға тиіс. Бюрократиядан арылатын уақыт әлдеқашан жетті. Бұл саяси кесел халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Тұрғындардың орынды сын-ескертулерін дұрыс қабылдаған жөн", – деп тапсырды Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қоғамға қарсы іс-әрекет туғызатын жағдайларды түбірімен жою қажет екеніне тоқталып, жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалын азайту керек деді.

Реклама
Реклама

"Әсіресе, заңды белден басуға бейім адамдардың тәртіп бұзуына жол беруге болмайды. Мұның бәрі Ішкі істер министрлігі ғана атқаратын жұмыс емес. Бұл – өзге мемлекеттік органдарға да ортақ міндет. Бізде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялар бар. Республикалық және өңірлік деңгейдегі осындай комиссиялардың мүмкіндігін толық пайдаланған жөн. Әкімдер де аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығына жауапты. Үкімет олардың осы бағыттағы жұмысына қойылатын талапты қайта қарауы қажет. Аймақтың қауіпсіздігі – өте маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ел ішіне іріткі салатын жат идеологияларды тағы бір маңызды мәселе ретінде атады. Әсіресе, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдардың өте көптігіне назар аударып, олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екенін еске салды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная