Тоқаев инновациялық мектептер желісі мен Креативті технологиялар орталығын іске қосты

Айнұр Қапышова Корреспондент
Тоқаев инновациялық мектептер желісі мен Креативті технологиялар орталығын іске қосты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.

Тағы бір білім беру алаңы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.

Сонымен қатар Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама