Тоқаев Иордания Королін құттықтады

Тоқаев Иордания Королін құттықтады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама