02 ақпан 2022 | 20:05

Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен бағыттарын талқылады.

Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың түрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев "қасіретті қаңтар" оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын айтып, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная