Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақодаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақодаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама