16 маусым 2021 | 10:13

Тоқаев ИЫҰ-ның ғылым жөніндегі саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді.

Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ", - деп жазды ол.

Жалпы ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өткен болатын.

Реклама
Реклама

Бүгінгі іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.

Саммиттің тікелей көрсетілімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная