27 наурыз 2019 | 12:47

Тоқаев жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтерлер беруді жеделдетуді тапсырды

Қазақстанда жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтерлер мамырдан бастап беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес барысында айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook желісінде жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтерлер мамырдан бастап беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес барысында айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook желісінде жазды.

"Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді. Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Президенттің баспасөз хатшысы Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталғанын жазды.

"Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді. Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты", - делінген жазбада.

Еске салайық, мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев аз қамтылған және жағдайы төмен отбасыларға 40 мыңнан аса жалдамалы пәтер салуды тапсырған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная