21 қазан 2022 | 10:22

Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заң қазақстандық сарапшыларға Жаһандық жасыл өсу институтының білім базасына қолжеткізуге мүмкіндік береді. Заң осы бағытта жұмыс істейтін халықаралық ұйымдармен және халықаралық институттармен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған экономикалық жасыл өсу моделін құруға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Бұл келісім елімізде жасыл экономика моделін енгізуге жәрдемдесуге бағытталған. Қабылданған заң Жаһандық жасыл өсу институтының серіктес елдерімен жасыл технологиялар саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ашады. Бұл Қазақстанның теңгерімді және тұрақты дамуына ықпал етеді", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная