ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2024 | 12:50
Тоқаев жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін мәселені атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін мәселені атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін мәселені атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті.
"Біз климаттың өзгеруі мәселесіне айрықша назар аударуымыз қажет. Алдын алу шараларын шұғыл қабылдамасақ, бұл мәселе планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін. Ауа райының аса құбылмалы болуы әлемдегі басты проблемалардың біріне айналып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осыған байланысты ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет. Биыл көктемде біздің еліміз климат өзгерістерінің кері әсерін анық сезінді.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы алапат су тасқыны кезінде тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін сіздердің елдеріңізге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также