Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі жарлыққа қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 17 наурызда Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады.

ОРК мәліметтері бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдап дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызы болады.

898 099 адам қарсы дауыс берген.

Орталық референдум комиссиясы

Еске салайық, 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған.

Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті.

Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама