11 қаңтар 2022 | 17:35

Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Тағайындалғандар:

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;

Реклама
Реклама

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Басшысы;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының әділет министрі;

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі;

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Асқар Мамин бастаған Үкімет отставкаға кеткен еді. Мұндай шешім елде болып жатқан наразылық шараларына байланысты қабылданды. Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған. Артынша өзге қала тұрғындары да көшеге шығып, бүлік шығара бастаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная