22 маусым 2022 18:07

Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысы әкіміне тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.

Облыс әкімі жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.

Реклама
Реклама

Нұрлан Ұранхаев аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram