ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2020 | 18:11
Тоқаев Жапонияның жаңа премьер-министрін құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Сугаға аса жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта жаңа Үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.
"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі салалардағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның Премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тілеген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также