Тоқаев Жапонияның сыртқы істер министрін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береміз. Премьер-министр Ишибаға ыстық ықыласымды жеткізуді сұраймын. Премьер-министр Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз оның сапарын асыға күтіп, дайындалудамыз. Өзара қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады", – деді Президент.

Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

"Сіздің сәлеміңізді Премьер-министрімізге міндетті түрде жеткіземіз. Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын", – деді Жапония Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама