03 шілде 2021 | 17:38

Тоқаев жаппай вакцинация туралы ойын айтты

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей вакцинация - қалыпты өмірді қалпына келтірудің жалғыз жолы деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей вакцинация - қалыпты өмірді қалпына келтірудің жалғыз жолы деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің айтуынша, елорда дарынды, жігерлі отандастарымыздың, сондай-ақ өзге мемлекеттердің көп азаматы бас қосатын орталықа айналған. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы дала кіндігінде қасиетті Туды биікте желбірете отырып, еркіндік пен егемендік мұратына бейілді екенімізді атап өтті.

"Елорда күні адамдарды қолдап, шабыттандыру, бірліктің күшін, өзара көмектің маңыздылығы мен әр азаматтың ортақ іске қосқан үлесінің құндылығын дәріптеу үшін аса маңызды. Елорда тұрғындары екпе салу науқаны мен шектеу шараларын сақтау кезінде алдыңғы қатарда болуы қажет. Жаппай вакциналау қалыпты тыныс-тіршілікке қайта оралудың, адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы екенін дұрыс түсінуіміз керек. "Біз біргеміз" ұраны аса қатерлі індетке қарсы күрестегі жеңісіміздің бойтұмары болатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram