ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2019 | 11:42
Тоқаев жарлыққа қол қойды: Министрлер қоластындағылардың жемқорлығы үшін жазаланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген Жарлықта.
Түзетулер басшылардың, соның ішінде министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық үшін оларға бағынышты адамдарды тартқан жағдайда дербес жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.
Показать комментарии
Читайте также