10 қыркүйек 2024 | 15:46

Тоқаев жас спортшылармен әңгімелесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы кешендегі залдарды аралап көріп, жергілікті тұрғындармен және жас спортшылармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы кешендегі залдарды аралап көріп, жергілікті тұрғындармен және жас спортшылармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Юбилейный" шағын ауданында орналасқан нысан жақында пайдалануға берілген. Мұнда жергілікті тұрғындар спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты түрлерімен емін-еркін айналыса алады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ орталықта жаттығу және хореография залдары жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар жандарға тиісті жағдай жасалған.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Президентке облыс орталығында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, қала тұрғындарына дене шынықтыру нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін Отбасы күні
Орны бөлек оңалту орталығы