ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2023 | 11:03
Тоқаев жеке деректердің тарауына қатысты барлық қаупті жоюды талап етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде жеке деректердің тарап кетуіне қатысты барлық қаупті жоюды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде жеке деректердің тарап кетуіне қатысты барлық қаупті жоюды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алайда мемлекеттік органдарда жинақталған ұшы-қиырсыз деректер қорына қолжетімділік шектеулі болуына байланысты оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Бұл жерде ақпараттың "ашықтық презумпциясын" басшылыққа алу керек.
Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Мен бұл жерде барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтып отырмын. Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою керек.
Сонымен қатар, келесі жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс. Бұл бастама мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также