Тоқаев: “Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз“

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев: “Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз“ Фото:depositphotos.com

Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының пікірінше, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы - еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік.

"Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан "Заң мен тәртіп" қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз. Соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азайып келеді, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді. Түптеп келгенде, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама